00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордада құрылыс заттарын ұрлаған өзбекстандық зейнеткер ұсталды

04.12.2023 | 13:00
51
Фото: дереккөзден

Нұра ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында құрылыс объектісінен ұрлық жасаған Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлады Елорда Инфо. 

Зейнеткер жалпы құны 300 мың теңге тұратын құрылыс материалдарын өз көлігіне тиеп алып кеткен. 

Елорда аумағында 20 қарашадан бастап «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Алдын алу іс-шарасының негізгі бағыттары - көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейту, вандализм фактілерінің жолын кесу, заңсыз көші-қонды анықтау, - деп көрсетті елордалық полицейлер. 

«Құқықтық тәртіп жедел шарасын өткізу кезінде елордалық полиция қызметкерлері базарларды, құрылыс нысандарын, қоғамдық тамақтандыру орындарын, жатақханалар мен өндірістік кәсіпорындарды тексерді. Іс-шара басталғаннан бері 69 шетелдік азамат елімізден шығарылды.

Барлық жаңалықтар