00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордада өрт қауіпсіздігі айлығы өтеді

10.08.2023 | 07:00
55
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Жылыту маусымында тұрмыстағы өрттердің алдын алу туралы» туралы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Алдағы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту мақсатында Астанада 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өрт қауіпсіздігі айлығы өтеді. Мамандар тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беріп, хабардар етеді.

Қалалық әкімдіктің қолдауымен халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде өрт хабарлағыштарын, көміртегі тотығы датчиктерін және газ талдағыштарын орнату жұмыстары жалғастырылатын болады. Адамдарды «пассивті» қорғау жүйелерін енгізу өртті ерте анықтауға, адамдарды хабардар етуге және тиісінше қауіпті аймақтан уақтылы шығуға ықпал етеді, - дейді Еркін Отарғалымұлы.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында құтқару бөлімшелерінің күшімен жыл басынан бері 3 534 жедел жету жүзеге асырылды, оның ішінде 194 адам құтқарылды, 222 адам эвакуацияланды, 78 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді. 397 өрт тіркеліп, өрт  кезінде төрт адам қаза тапты және 28 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Өрттердің ең көп саны азаматтық қорғау органдарының бақылауынан тыс нысандарда орын алуда, олардың негізгілері тұрғын үй секторы – 161 жағдай, көлік құралдары – 136, жаңадан салынып жатқан объектілер – 21 өрт, бұл барлық тіркелген өрттердің 80%-ын құрайды, - деп атап өтті Е.Отарғалымұлы.

Айта кету керек, өрттің көбеюі маусымдық сипатта айқын көрінеді. Өрттердің шығу себептері өрт электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерінің бұзылуына байланысты, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына және отпен абайсыз жұмыс істеуге байланысты.

Барлық жаңалықтар