00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада әлеуметтік осал топтарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасының нәтижесі жарияланды

09.04.2024 | 10:05
Елорда ақпарат
76
тұрғын үй
фото: gov.kz

zhilfond.kz сайты мен «Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ www.gov.kz сайтында қалған 76 бір бөлмелі пәтер бойынша «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін» сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасының нәтижелері жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.

1 бөлмелі пәтер беруге үміткерлерді іріктеу кезекке қойылған күні және отбасы құрамы бойынша жүзеге асырылды.

Бағдарлама бойынша өткен азаматтарға тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, тиісті ақпарат береді.  

Алаяқтық жағдайлардың жиілеуіне байланысты азаматтардан қырағы болуды сұраймыз. Тұрғын үй орталығының қызметкерлері несиелерді, қарыздарды өтеу және шотты бұғаттаудан шешу туралы талап қоймайды, - делінген хабарламада.  

Барлық жаңалықтар