00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада құлақтандыру жүйелері тексеріледі

05.09.2023 | 06:30
37
Фото: ашық дереккөз

5-7 қыркүйек аралығында «Қорғау-2023» республикалық штабтық жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Жаттығу шеңберінде 6 қыркүйекте алдын ала болжам бойынша 9 caғат 00 минутта теле-радио арналарды қамти отырып, электродабылдарын қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру жүйелерін тексеру жүргізіледі.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға, үрейленбеуге шақырады.

Төтенше жағдай орын алған кезде халықтың назарын аудару үшін электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар орын алған жағдайда әрекет ету туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар, радиолар және т.б.) қосулары керек, - делінген ТЖД хабарламасында.

Барлық жаңалықтар