00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елордада коммуналдық қызметкерлерге шай мен бауырсақ таратылды

29.02.2024 | 09:51
78
Фото: дереккөзден

Акцияда волонтерлер «Биржан Сал 4», «Республика 56» көшелеріне барып, 40 шақты коммуналдық қызмет мамандарын 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтап, көктемнің алдында жадыраңқы көңіл күй сыйлады. 

Сарыарқа ауданы бойынша 623 жұмысшы бар. Олар өткен түні 261 техниканың көмегімен 2 754 текше метр қар шығарып, нәтижесінде 249 рейсті арнайы полигонға жөнелтті. Жалпы, қыс басталғалы аудан аумағынан 79 235 ауыр жүк көлігіне тең 1 102 647 текше метр қар шығарылды, - деді Сарыарқа ауданының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі маманы Бибігүл Жақсыбай.

бауырсақ.jpg

Коммуналдық қызметкерлер де әкімдігі мен волонтерлерге алғысын айтты.

«Көңіл көңілден су ішеді» демекші, осындай суықта бізге бір шыныаяқ ыстық шай мен бауырсақ таратып жатқан Сарыарқа ауданы әкімдігі мен волонтерлерге алғысымызды айтамыз. Жұмыстарыңыз алға баса берсін! – деді коммуналдық қызметкер Қорлан Нұрмағанбетова. 

Барлық жаңалықтар