00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елордада «Күміс ханымдар» сайысы өтті

05.03.2024 | 14:14
88

Зейнеткерлер арасында өткен жарысқа ақ жаулықты 10 әже қатысты.

Бүгінгі байқау қарт адамдарды қоғамдық іс-шараларға қатыстыру және отбасылық дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушы апалардың осы ортаға жиналуының өзі жеңіс. Барлық ақ жаулықты әжелер керемет деп айтар едім,- дейді «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ директоры Мұхтар Еркетаев.

WhatsApp Image 2024-03-05 at 20.49.43.jpeg

Нұра ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушысы Ләззат Утегулованың сөзінше, мұндай сайыс әжелер арасында бірінші рет өткізіліп тұр.

Біздің орталықта мұндай сайыс бірінші рет өтіп жатыр. Байқауға қаладағы әр ауданнан екі ападан қатысты. Олардың ішінде ең үлкені 78 жаста. Сонымен қатар қатысушылар арасында ең жас 58 жастағы апа бар. Олар төрт кезең бойынша дайындалып, сынға түсті. Мұндай жарыстар қарияларды қоғамдық өмірге араластырып, белсенді болуға көмектеседі,- дейді Ләззат Үтегулова.

IMG_1869.dng

Байқауға қатысушылар ережеге сай, төрт кезең бойынша өнерлерін көрсетіп, түрлі сындардан өтті. Мәселен, алдымен олар өздерін таныстырып, әріқарай өз өнерлерін көрсетті. Бірі өлең жолдарын оқып берсе, енді бірі қолөнерін ұсынды. Үшінші кезеңде әжелер ұлттық және заманауи киім үлгісін көрсетті. Соңғы кезеңде олар өздері пісіріп арнайы дайындап әкелген ас-дәмдерін ұсынды.

WhatsApp Image 2024-03-05 at 20.49.44.jpeg

Нұра ауданының тұрғыны Шәрбат Құрманова 64 жаста. Ол әже атанған кезде мұндай жарысқа қатысу бақыт деп есептейтіндігін айтады.

IMG_1873.dng

Мұндай байқауға бірінші рет қатысып тұрмын. Байқау болады дегеннен бастап дайындалдық.  Осындай жаста жарысқа қатысқанымыздың өзі бақыт деп есептеймін. Бүгін сайыста өзім шығарған өлең жолдарын оқыдым. Одан бөлек ас үй құпиясы бойынша, ет пісіріп алып келдім. Жарыс өте көңілді өтіп жатыр. Аталар мен әжелер бір-біріне қолдау көрсетуде,- дейді қатысушы.

WhatsApp Image 2024-03-05 at 20.34.23.jpeg

Байқау соңында үздіктер анықталды. Атап айтқанда, бас жүлде Алматы ауданының әжелеріне бұйырды. Бірінші орынға Байқоңыр ауданы, екінші орынға Нұра ауданы, үшінші орынға Сарыарқа  ауданы ие болды. «Көрермен көзайымы» номинациясымен Есіл ауданының әжелері марапатталды. Оларға демеушілер көмегімен тағайындалған естелік сыйлықтар табысталды.

WhatsApp Image 2024-03-05 at 20.49.42.jpeg

Марапаттау рәсімінде ақпанның 15-нен басталған «Арықтау марафонының» жеңімпаздары да қоса марапатталды. Бұл марафонға әр ауданнан 3 әже қатысқан.  Одан бөлек әжелер арасында өткен «Әжемнің ертегісі» челленджі қорытындыланды. Немерелеріне ертегі айтқан әжелер түрлі сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар орталықтың әлеуметтік парақшасында белсенді әжелерге «Инстагүл ханымдар» номинация берілді.

Барлық жаңалықтар