00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада әйелдерді қолдау шаралары пысықталды

27.12.2023 | 12:00
55
фото: Baikenyesset/ Instagram

Астаналық Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының қорытынды отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info. 

Астанада көпбалалы отбасылар мен қиын жағдайға тап болған әйелдерге жүйелі түрде қолдау көрсетілді. 

Атап өту керек, комиссия "Жанұя" орталығының базасында апта сайын азаматтарды қабылдайды. Биыл орталық 9 мыңнан астам әйелге көмек көрсетті, 286 отбасы тексерілді, 249 адам бақылауға алынды.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығымен әйелдерге 500-ге жуық тегін оқыту ұйымдастырылды. Олардың арасында "Social Media Marketing", "Электрондық коммерция", "Бухгалтерлік есеп", "Web Design" және т.б. курстары бар. 

Бірнеше адам халықаралық жобалар бойынша оқытуға да тіркелді. Оның ішінде "тәлімгерлік" қызметін алып жатқан да, "бизнес-шолу" және қаржыландыруды тарту бойынша оқудан өткендер де бар.

Сондай-ақ, гендерлік саясаттың маңызды міндеттерінің бірі - репродуктивті денсаулықты сақтау. Барлық қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында отбасын жоспарлау және ерте жүктіліктің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

10-30 жас аралығындағы азаматтарға отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша консультациялық-профилактикалық іс-шаралар өткізілетін 22 денсаулық орталығы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, жұмыссыз жүрген әйелдерге де қолдау көрсетілуде. Биыл жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 15 мыңнан астам әйел қамтылды. Кәсіпкерлік бастаманы дамыту аясында әйелдерге бизнес-идеяларды іске асыруға келесі бағыт бойынша гранттар берілді: кондитерлік өнімдерді өндіру, ателье, тігу курстары, медициналық және білім беру қызметтерін көрсету, сұлулық салоны, сервистік қызметтер, сауда, қоғамдық тамақтану және т.б.

Барлық жаңалықтар