00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада халықаралық архившілер форумы өтіп жатыр

07.12.2023 | 07:15
59
фото: Сұлтан Сейіт

Елордада қала әкімдігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архивтер, құжаттама және кітап ісі комитетінің қолдауымен «ASTANA ARCHIVE FEST» халықаралық архившілер форумы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Астананың 25 жылдығына арналды. Оған мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, тарихшы ғалымдар мен архив ісі саласындағы мамандар қатысуда. Жиында архивтің даму және қалыптасу тарихы туралы баяндайтын «Мұрағат – ұлттың тарихи жады», Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінің «Архивтің қазынасы – ғасырлар куәсі» және қазақ халқының әлеуметтік-саяси тарихы мен мәдениеті туралы «Шаһар шежіресі» көрмелері ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2023-12-07 at 11.22.29.jpeg

Форумның ашылу салтанатында Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп бүгінгі жиынның маңыздылығына тоқталып өтті.

Елімізде «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заң 1998 жылы 22 желтоқсанда қабылданды. Бұл құжат ел игілігіндегі құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, асыл мұраларды болашақ ұрпаққа қаз қалпында жеткізуге әрі зерттеуге жасалған маңызды қадам болды. Ел тарихындағы жеңістер мен жеңілістер, қателіктер мен жетістіктер, этностардың тұрмысы мен мәдениеті, Қазақстанның егемендік алуы, бәрін айғақтайтын дереккөзі – мұрағаттарда. Төл тарихымызды жинақтап, сақтап, өткенді бүгінмен, бүгінді ертеңмен сабақтастырып отырған алтын арқаудың үзілмей, жалға­суына мемлекеттік қолдаумен қатар, әр адам өзінің азаматтық үлесін қосып отырса дейміз. Бүгінгі форум барысында мұрағат саласын цифрландыруды одан әрі дамыту кейіннен практикада қолдануды ескере отырып, ғылыми-практикалық шешімдер қаралатын болады. Бұл ретте алыс және жақын шетел мемлекеттерімен архив ісі саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланатын болады, - деді Сәкен Есіркеп.

WhatsApp Image 2023-12-07 at 11.22.23.jpeg

Форумға мемлекет және қоғам қайраткері Дархан Мыңбай қатысып, архив ісі саласына қатысты заңды әлі де жетілдіру керек екенін айтты.

WhatsApp Image 2023-12-07 at 11.22.24.jpeg

«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заң қабылданғанына 25 жыл толды дедік. Бірақ заңды әрқашан жетілдіріп отыру керек, бізге де заман талабына сай өзгерістер қажет. Осындай жиында сала мамандарымен бірлесіп, өзекті мәселелерге назар аудару керек деп ойлаймын. Сонымен қатар бізде архив ісіндегі материалдық-техникалық жағдайды жақсарту мәселесі әлі де өзекті. Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қоры әрбір облысымызда құрылса деп ойлаймын. Өйткені ол жазбалар ертең болашаққа қызмет етеді,- деді Дархан Мыңбай. 

Екі күнге жоспарланған форум барысында архив ісін дамыту және жаңғырту, архив құжаттарын электрондық-цифрлық форматқа көшіру, архив құжаттарына қолжетімділік мәселесі және жоғары мамандандырылған кадрларды даярлау мәселелері талқыланатын болады.

Барлық жаңалықтар