00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада жүгіруден бұқаралық шара өтеді

10.04.2024 | 13:22
Елорда ақпарат
68
Елордада бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанадағы Триатлон саябағында 17 сәуір күні «Олимпиада ойындарына 100 күн» атты 5 шақырым қашықтықта қала тұрғындары арасында бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Айтулы шараға 5 шақырым қашықтықты бағындыра алатын қала тұрғындары мен қонақтары шақырылады. Жасқа шектеу қойылмайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, айтулы бұқаралық жүгіру шарасы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау әрі олимпиадашылар мен олимпиадалық лицензияларды алуға үміткерлерді қолдау мақсатында өтпек. 

Маңызды оқиға – XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына 17 сәуірде 100 күн қалады. Соған орай Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қала тұрғындары қатыса алатын бұқаралық іс-шарасын өткіземіз. Айтулы шара жарыс еместігін айта кеткім келеді. Бұл – бұқаралық жүгіру, - дейді Астана қаласы әкімдігінің Спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Бақтияр Масанов.

Тіркелу кезінде қатысушыларға лотерея билеттері таратылып, бағалы сыйлықтар ойнатылады. Оның ішінде велосипед, қорғаныс бас киімі бар.

Қатысушыларды тіркеу сол күні сағат 08.30-дан бастап өтеді. Сонымен қатар, мәреге жеткендерге финишер медалі беріледі.

Бұған қоса, сахна жанында қол күрес (армрестлинг), арқан тартыс пен гір спортынан жарыстар өтеді.

Айта кетейік, Олимпиада 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Франция астанасы – Парижде өтеді. Қазіргі уақытта Париж Олимпиадасына қазақстандық спортшылар 31 жолдама жеңіп алды. Оның үшеуі – астаналық спортшылардың еншісінде.

Барлық жаңалықтар