00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада бір түнде 35 мың текше метрден астам қар шығарылды

27.02.2024 | 05:49
49
Фото: дереккөз

27 ақпан күні таңертең қала көшелерінің қарын күреуге 2 400-ден аса жұмысшы мен 1 300-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Қаладан 2 500-ден аса рейспен 35,6 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Ал қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына 400 мыңға жуық рейс арқылы 5,3 млн текше метрден аса қар шығарылды.

Айта кетейік, Астанада бірнеше қар полигоны жұмыс істейді. Олардың барлығы самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен, бейнебақылаумен және жарықтандырумен жабдықталған.

Сол сияқты қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі.

Барлық жаңалықтар