00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада бильярдтан қаламгерлер арасындағы дәстүрлі турнир басталды

25.10.2023 | 05:00
30

Астанада бүгінгі Республика күніне орай «Elorda Aqparat» медиасеріктестігінің ұйымдастыруымен журналистер мен қаламгерлер арасында бильярд турнирі басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Турнир биыл елордамызда екінші мәрте өткізіліп отыр.

Турнирдің мақсаты – Республика күні мерекесін ұлықтау, елордадағы қаламгерлер мен журналистер арасында зиялы орта мен сұхбат алаңын қалыптастыру, бұқаралық спортты насихаттау. Турнирге жазушы Қойшығара Салғараұлы бастаған елімізге белгілі ақын-жазушылар, Парламент депутаттары, журналистер, медиаменеджерлер, баспасөз өкілдері қатысуда.

Турнирдің ашылуына Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі. 

Құрметті бильярд турниріне қатысушылар, сіздерді алдымен бүгінгі еліміздің ұлттық мерекесі Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам біздің егемендігіміздің алғашқы қадамы деп білемін. Сондықтан баршамызға мереке құтты болсын!  Бүгін екінші рет өтіп жақтан турнирге қатысушыларға сәттілік тілеймін!  Биыл осы мереке қарсаңында Астана қалалық әкімдігі елордалық 160 қаламгерге  500 мың теңге көлемінде арнайы грант тағайындап отырмыз. Бұл грант алдағы жылдарда дәстүрлі түрде жалғасатын болады. Осындай сүйінші хабарды сіздерге жеткізе отырып, ойынға қатысушыларға тағы да сәттілік тілеймін,-деді Астана қаласы мәслихатының төрағасы.

WhatsApp Image 2023-10-25 at 10.49.59 (3).jpeg

Одан кейін, қазақ әдебиетінің ақсақалы, жазушы Қойшығара Салғараұлы қатысушырға сәттілік тілеп, ақ батасын берді. 

Жарыстың бас төрешісі, бильярдтан әлемнің екі дүркін чемпионы Ернар Чимбаев ортаға шығып ойын ережесін таныстырды.

Айта кетейік, жарыс барысында жеңімпаздарға арналған негізгі жүлде қорынан бөлек биыл еліміз бойынша мерейтойлары аталып өтіп жатқан қазақтың қабырғалы қаламгерлері Кемел Тоқаев, Сейдахмет Бердіқұлов, Оралхан Бөкей атындағы арнаулы сыйлықтар қарастырылған.

Сондай-ақ, үздік ойын көрсеткен қатысушылар «Мәдениетті ойыншы», «Алғашқы шар», «Мерген ойыншы», «Шебер ойыншы», «Үздік дуплет» аталымдарымен марапатталатын болады.

Нұрболат Адырбек

Барлық жаңалықтар