00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елордада балаларға арналған инклюзивті тегін шеберлік сыныптары өтеді

04.09.2023 | 03:30
65
Фото: ашық дереккөз

Астанада кәсіби суретші Анастасия Жарконың жетекшілігімен мүгедек балаларға, балалар үйлерінен және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған art-activities инклюзивті тегін шеберлік сыныптары өтеді, деп хабарлады Elorda.info

Шығармашылық жоба Нұрсұлтан Назарбаев қорынан ұтып алған гранттың арқасында жүзеге асырылуда.

Балалармен жұмыс істеп, оларға өнер мен шығармашылықтың таңғажайып әлемін ашу үшін галерея кәсіби суретшілер мен кескіндеме және сәндік-қолданбалы өнер мұғалімдерін шақырды. 

Жобаның мақсаты – балалардың психоэмоционалды жағдайларын жақсартуға, жауаптылық пен сезімталдықтарын дамытуға, ақыл-ойдың маңыздылығын көрсетуге, бейнелеу өнерінің бағыт-бағдарларын одан әрі дербес зерттеуге ынталандыру. Оқушылардың мұғалімдерімен қарым-қатынастарын қызықты да жеңіл өтуіне галерея кеңістігі өз септігін тигізеді, себебі сабақтар Қазақстан, Еуропа және Жапония шеберлерінің ерекше қол еңбектерімен 
жинақталған кеңістікте өтеді.

Қазақстанда галереялар үшін бейнелеу өнер саласын дамыту маңызды, бұл жағдай адамдар бала кезінен өнердің біздің өміріміздің барлық салаларына қаншалықты әсер ететінін түсінген жағдайда ғана мүмкін болады. Біздің жоба көптеген балаларға жастайынан шығармашылықпен айналысуға және болашақта өз өмірлерін өнермен байланыстыруға көмегін тигізер деген үміттеміз, ‒ деді жоба жетекшісі Анастасия Жарко. 

Барлық мастер-класстар бейнелеу өнерімен іргелес әртүрлі орталарды қолдануға, бейнелеу өнерінің әр бағытын белсенді түрде талқылау үшін дайындалған. Олардың барлығы тек креативті ғана емес, онымен қоса, болашақта бұл алынған дағдылар жұмысқа орналасу үшін көптеген салаларды игерудің құнды негізіне айналады.

Мұндай дағдыларды игеру, әдетте, үлкен шығындармен қатар жүреді. Сондықтан біз жобаны толығымен тегін еткіміз келді, себебі, өнер саласындағы білім алу – біздің ойымызша, балаларға қолжетімді болуы тиіс. 
Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен балалар тегін қатыса алатын жоба дайындай алдық, - деп атап өтті А.Жарко.

Айта кетейік, шеберлік сыныптары 8 қыркүйекте сағат 15.30-да елордалық Pygmalion өнер галереясында (Достық көшесі, 16) өтеді.

Барлық жаңалықтар