00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

06.02.2024 | 07:38
35
Фото: дереккөз

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға, сондай-ақ жаяу жүргіншілермен жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылады. Жол-көлік оқиғасынан жасырынған адамдарды анықтау бойынша жекелеген рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қарбалас уақытта жалпы білім беретін мектептердің жанында жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалау қамтамасыз етіледі.

Көліктік бақылаудың аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп жүк тасымалдаушылардың ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын мүлтіксіз сақтау жөнінде шаралар қабылданды.

Іс-шара шеңберінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша Білім басқармаларының басшыларын, оқу орындарының директорларын, көліктік бақылау өкілдерін шақыра отырып, кеңестер ұйымдастырылды, - делінген ақпаратта. 

Жасалған құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру мақсатында заңнамалық ықпал ету шараларын қабылдай отырып, берешегі бар жүргізушілер анықталады.

Барлық жаңалықтар