00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада қар күреуге 2 мыңнан астам жұмысшы шықты

23.02.2024 | 07:01
43
Фото: дереккөз

23 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 2,3 мың жұмысшы мен 1,4 мың арнайы техника жұмылдырылды.

22 ақпаннан 23 ақпанға қараған түні елордадан 41 мың текше метр қар шығарылды, полигондарға 3 мыңнан астам рейс жасалды.

Қыс мезгілінің басынан бастап 372,5 мың рейс арқылы қаладан 5 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. 

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, бүгін елордада ауа райы жауын-шашынсыз болып, көшпелі бұлт шығады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде – 26-28, күндіз – 15-17 градус аяз.

Барлық жаңалықтар