00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада 5 мыңға жуық тұтынушының өтініші қаралды

26.12.2023 | 12:03
41

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің 2023 жылға арналған жұмыс қорытындысы туралы  Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрғали Егембердиевтің қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Департамент Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% - дан аспайтын сауда үстемесін сақтау бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаларды реттеу бойынша іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп отырады. Бүгінгі күнге барлық жоспарланған 104 отырыс өткізілді, оның ішінде 16 көшпелі және 2 кеңейтілген отырыс Астана қаласы әкімінің қатысуымен өткізілген.

Сондай-ақ, бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында сауда субъектілеріне сауда үстемесін сақтау тұрғысынан 15% - дан аспайтын түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп отырады.

Қазіргі уақытта ӘМАТ тізбесіне 19 тауар кіреді: 1 сортты ұннан жасалған бидай наны, рожки (өлшеніп салынатын), қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), картоп, асханалық сәбіз, басты пияз, ақ қауынды қырыққабат, құмшекер, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйекті жауырын – төс бөлігі), тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілігі), пастерленген сүт (майлығы 2.5% жұмсақ қаптамада), Айран (майлығы 2.5% жұмсақ қаптамада), сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%), тауық жұмыртқасы (I санатты), ас тұзы («Экстра» - дан басқа).

Жыл басынан бері Департаментке тұтынушылар 4426 өтінішпен жүгініпті. Тұтынушылар «E-otinish» платформасы және электрондық үкімет порталы арқылы - 2525 өтініш түскен. Оның ішіңде 2000 тұтынушыға түсініктеме берілсе, 160 өтініш құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органға жіберілген, ал 260 жағдайда тұтынушылардың мәселесі шешімін тауып, тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтару сомасы - 115 млн.теңгені құраған.

Ал, енді «Telegram Bot» арқылы 555 өтініш түскен, олар бойынша тұтынушылардың сұрақтарына толықтай түсініктемелер беріліпті.

 Азаматтарды жеке қабылдау барысында 695 тұтынушының мәселесі тыңдалса, жедел желі телефонына 650 тұтынушыдан қоңырау түсіп, әрбір сұраққа Департамент тарапынан заңға сәйкес кеңестер берген.

Атап айту керек, тұтынушыларды ағарту мақсатында халық арасында тұтыну сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Мамандар жедел желі телефоны бойынша кеңес береді, жеке қабылдаулар жүргізеді. Халық үніне құлақ асатын мемлекет аясында, Астана қаласының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің Instagram және Facebook парақшаларыңда тұрақты жариялап отырады.

Сонымен қатар, тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін қаланың барлық кәсіпкерлерін «E-tutynushy» бірыңғай ақпараттық жүйесіне тіркелуге шақырады.

20 млн қазақстандықтардың, соның ішінде тұтынушы болып табылатын барлық қатысушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Министрлік «Сапалы өнім» қоғамдық тұжырымдамасын іске қосқаны белгілі. Жобада қоғамдық күштердің елдің ішкі нарығында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, үйлестіруді көздейді.

Барлық жаңалықтар