00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада 3000-ға жуық бала спорттық-сауықтыру лагерлерінде демалады

18.05.2023 | 12:00
63
Фото: Egemen.kz

Елордада 3000-ға жуық бала спорттық-сауықтыру лагерлерінде демалады. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Осы жылдың жазғы кезеңінде жазғы демалыстың барлық түрлерімен 197 869 оқушы қамтылады. 85 білім беру ұйымдарында бастауыш сынып балаларына арналған мектеп жанындағы лагерьлер ұйымдастырылады. «Арман» және «Боровичок» спорттық-сауықтыру лагерлерінде 2 800 бала, оның ішінде 2 050 жетім және көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар демалады, - деді Білім басқармасы басшысының орынбасары. 

Елордада 96 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп бар.

Жазғы шомылу кезеңінде кәмелетке толмағандар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Астана қаласының акваториясында Төтенше жағдайлар департаменті және ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесіп ата-аналар мен балалар арасында тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, - деп сөзін түйіндеді Серік Әділбаев.

Барлық жаңалықтар