00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада 3 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактілері тіркелді

27.09.2023 | 10:30
62
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде интернеттегі алаяқтықпен күресу, негізгі түрлері және алдын алу туралы брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Брифингте Астана қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дастан Қалиев пен Астана қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы киберқылмысқа қарсы күрес бөлімі басшысының міндетін атқарушы, полиция капитаны Олжас Майтканов болды.

Биыл Астана аумағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын 3 600-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның ашылғаны – 650. Бұл ретте азаматтарға келтірілген залал 2 млрд 600 млн теңгеден асады.

Республикалық ауқымда 13 700 фактіден астам интернет-алаяқтық тіркелген, әрбір 4 интернет-алаяқтық Астана тұрғындарына қатысты жасалатыны байқалды.

Тәжірибе көрсеткендей, алаяқтардың қолынан зардап шеккендердің бәрі бірдей құқық қорғау органдарына жүгінбейді. Нақты сандар айтылғандардан едәуір көп және статистика қандай екенін тек болжауға болады. Зиянкестер әртүрлі жастағы адамдарды алдайды. Егде жастағы адамдар көбінесе жаңа технологиялармен таныс емес және аз сақтық танытады. Ал жеңіл ақша іздейтін адамдар өз жинақтарын салу арқылы қысқа мерзімде тез көбейтіп аламын деп сенеді, - дейді Д.Қалиев.

Елордалық полиция департаменті қала әкімдігімен бірлесіп тұрақты негізде интернет-алаяқтықты азайтуға және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізуде.

Орта және жоғары білім беру мекемелерінің оқушылары мен оқытушыларына, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлеріне «Алаяқтардың айла-амалдарына қалай түспеуге және өз жинақтарын қалай сақтап қалуға болады?» тақырыбында дәрістер өткізіледі.

Еріктілер қозғалыстарымен бірлесіп ақпараттық-профилактикалық сипаттағы буклеттер таратылады, көшелерде трафареттерді пайдалана отырып ескерту жазбалары жазылады, СОО-да және қала базарларында аудио және бейнероликтер жүргізіледі.

Заңсыз қаржылық операцияларды жүргізу немесе қылмыстық жолмен алынған ақшаны шешу үшін өздерінің банктік карталары мен жеке деректерін беру арқылы қылмыскерлерге жәрдем көрсететін осы «Дроперлерге» назар аударғым келеді. Көбінесе «Дроперлер» – жас азаматтар, студенттер, жұмыссыздар және оңай табыс іздейтіндер, - дейді Криминалдық полиция басқармасының бастығы. 

Барлық жаңалықтар