00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елорда екі жаңа бағдар іске қосылады

15.08.2023 | 06:30
33
Фото: дереккөз

Астана тұрғындарына қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында маршруттар саны артады, деп хабарлады Elorda.info

31 тамыздан бастап желіге екі жаңа бағдар шығады №49 және №57. 

№49 бағдар Мамандандырылған ХҚКО-ны Бас мешітпен байланыстырады. Бұл "Көктал-1" – "Көктал-2" ТА және "Көктал" паркі "Жағалау" ТА-мен көлік байланысын жүзеге асырып, Ш.Айтматов, Сығанақ және Бас мешіт көшелеріне көліктік қызмет көрсетуді жақсартады.

№57 бағдар "Нұрлы жол" теміржол вокзалы мен Қазыбек би көшесін біріктіреді. Бұл бағытты іске қосу Төле би көшесінде қызмет көрсетуге, Сығанақ, Сарайшық және А.Байтұрсынұлы көшелерінде көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Осылай, №40 бағдардың жүктемесі төмендетіледі. Сондай-ақ, Р. Қошқарбаев даңғылында автобустарды іске қосу мүмкіндігі пайда болады, - делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.

Барлық жаңалықтар