00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Еліміздің ұлттық құрама командасының тізімінде елордалық мектептің 130 оқушысы бар

04.05.2023 | 13:30
41
Фото: sport-mektebi.kz

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Мектеп жетістіктері мен Қазақстан Республикасының VI Паралимпиадалық ойындарына дайындық туралы» тақырыбында өткен брифингте Астана қаласы әкімдігінің «Балалар -жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі» КММ басшысы Азамат Тағаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласындағы мүгедектердің жалпы саны - 28 553, оның ішінде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілімдері жоқ 13084 адам және дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатын мүгедектігі бар жандардың жалпы саны - 3428. Яғни, 26%-ы дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілімдері жоқ, - деді спикер. 

Оның айтуынша, мүгедектігі бар адамдар арасында спортты дамыту мақсатында 2019 жылғы 3 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Спорт түрлері бойынша алғашқы даярлау топтарына қабылдау үшін мүгедектігі бар адамдар арасында дамып келе жатқан барлық спорт түрлері бойынша жас ерекшелігі 7-11 жасты құрайды. 

бриф.jpg

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептеріне түсу үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса, еркін нысандағы өтінішті береді, - деген спорт мектебінің басшысы оқуға түсу үшін қандай құжаттар керек екенін атап көрсетті. 

Ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысанда өтініш, жеке сәйкестендіру нөмірі бар түсушінің туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат, ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат, 027/е нысаны бойынша таңдалған спорт түрі бойынша сабаққа жіберуді көрсете отырып, учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі керек. 

Ол атап өткендей, қазіргі уақытта мектепте мүгедектер спортының паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес 17 спорт түрі бар: волейболды отырып ойнау, үстел теннисі, дзюдо, жеңіл атлетика, жүзу, сомдалу, таеквондо, оқ ату, футбол, грек-рим күресі, еркін күрес, арбамен билеу, пара-каратэ, қол күресі, дойбы, шахмат және ұлттық спорт түрі - тоғызқұмалақ. 

2023 жылға арналған спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командасының тізімінде мектептің 130 оқушысы бар. 2022 жылмен салыстырғанда 42 спортшыға өсті. Мектептің жалпы контингенті 400-ден астам спортшыны құрайды. 159 спортшы – тірек – қимыл аппараты зақымдалған,71 спортшы – көру қабілеті төмен, 169 спортшы – есту мүшесі зақымдалған, 5 - жұп спортшылар.

Мектеп спортшыларының қатарында спорттық дәрежелі 246 спортшы бар. Оның ішінде ҚР еңбегі сіңген спортшы – 5, халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 18, ҚР спорт шебері – 36, спорт шеберіне үміткер спортшылар – 87. Олармен 30-ға жуық жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді.

Оның ішінде Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы – 4, біліктілігі  жоғары деңгейдегі жоғары санатты – 10, бірінші санатты жаттықтырушы – 5, екінші санатты – 5. 

Мектепке қабылдау тірек-қимыл аппараты зақымданған, есту және көру қабілеті төмен азаматтарға үш бағыт бойынша жүргізіледі. Мүмкіндігі шектеулі жандарға дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін спорттық инфрақұрылым бар. Олар паралимпиадалық жаттығу орталығы және «Тарлан» СК, - деді «Балалар -жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі» КММ басшысы. 

Барлық жаңалықтар