00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Биыл елордадағы Әзірбаев көшесінде жаңа қоғамдық кеңістік ашылады

07.04.2023 | 11:06
44
Фото: ашық дереккөзден

Ауа-райы жылынып, Алматы ауданында жаңа қоғамдық кеңістіктердің құрылысы басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл К.Әзірбаев көшесіндегі 10, 12 және 14 үйлердің қасында жалпы ауданы 2 350 шаршы метрді құрайтын қоғамдық кеңістік пайда болады. Бұл жерде тұрғындардың өтініші бойынша балаларға арналған ойын алаңы, футбол алаңы және воркаут алаңы жабдықталады.

Сондай-ақ, Қордай-Тайқазан көшелерінің қиылысында да қоғамдық кеңістік құру жоспарлануда. Жалпы ауданы 2 485 шаршы метрді құрайтын болады. Бұл нысан бойынша бүгінгі таңда дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, былтыр Алматы ауданында 4 қоғамдық кеңістік ашылған:

1. Жерұйық-2;

2. Р.Қошқарбаев даңғылы – Қордай көшесі қиылысы;

3. «Встреча» СҮ маңы;

4. Интернациональный тұрғын алабы.

Барлық жаңалықтар