00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Бірлік күні: Бейбітшілік және келісім сарайы алаңында концерт өтіп жатыр

01.05.2023 | 15:27
55
Фото: автордан

Бүгін түстен бері Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Бейбітшілік және келісім сарайы алаңындағы амфитеатрда мерекелік концерт өтіп жатыр. Астана қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония әртістері, «Наз» Мемлекеттік би театрының өнерпаздары, «Манхэттен» тобы қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлап жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

маратт.jpg

1 мамыр баяғыда еңбеккерлердің мерекесі еді. Қазір бірлік мерекесіне айналды. Көп ұлтты елміз ғой, кеше бір статистиканы оқыдым. Қазағымыз елдегі бүкіл халықтың 76 пайызы болыпты, 15 пайыздай орыс, 4 пайыздай өзбек, кәріс, басқа да ұлттар бар екен. Күні кеше ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөз сөйледі. Сонда мемлекет құраушы ұлт қазақтардың айналасында басқа ұлттар топтасуы керек деп айтты. Бұл – өте дұрыс. Өткен ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдары елімізге күштеп көшірілген талай ұлттарға қазақ жақсылық жасады. Өз елдеріне көшіп кеткен, Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлттар қазақтың қонақжайлығы жайлы айтып жатыр. Негізгі мәселе – халықтың бірлігі. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Соны бәрі түсінуі керек. Бастысы, елде ешкімді алалау жоқ. «Болашақпен» шетелге оқуға қазақ та, басқа да барып жатыр.

Мамыр келсе, мейрамдар басталады. Бүгін, міне, Бірлік күніне орай қалалық Мәдениет басқармасы ұйымдастырған концертті тамашалап отырмыз. Бірліктен ешқашан ажырамайық, - деді Астана қаласы Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі Марат Мұстафин. 

                                                                                 Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Барлық жаңалықтар