00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстан жедел түрде инновациялар енгізуі керек – Вивек Вадхва

06.10.2023 | 11:00
49

Силикон алқабының білгірі Вивек Вадхва Астанада өтіп жатқан ең ірі ғылым фестивалі – Nobel Fest сессиясында сөз сөйледі, деп хабарлады Elorda.info.

Вивек Вадхва – жаңа технологиялар саласындағы сарапшы, Стэнфорд пен Гарвардтың профессоры, ол капитализациясы бірнеше миллиард доллар болатын бес компанияны IPO-ға шығарды. Foreign Policy журналы оны әлемдегі 100 жаһандық ойшылдардың бірі деп атады, ал Вивек Вадхва TIME журналының Tech40 тізіміне енгізіліп, технологиядағы ең ықпалды қырық ғұламаның бірі болды.

Фестиваль сессияларының бірінде ол қазақстандықтарға цифрлық әлемді дамытуда көшбасшы болудан қорықпау керектігін айтты.

Мен Қазақстан мемлекетінің өкілдерімен сөйлестім. Баяндамашы Мәулен Әшімбаев мырза өте маңызды нәрселерді айтты, инновациялар, кәсіпкерлік және Қазақстанды әлемге танытудың пайдасы жайында әңгімеледі. Бірақ шынымды айтсам, сіздің халқыңыз әлі күнге дейін адамзатқа әсер ете алатынына сенбейді, олар басқа елдердің тұрғындарына қарағанда өздерін дамуға лайықты емес деп санайды. Шын мәнінде, бұл дұрыс емес, сіздер де әлемге басқалар сияқты ықпал ете аласыздар. Өйткені Батыстың барлық технологиялары шығыста, соның ішінде Орталық Азияда да бар», - деді ол.

 Вивек Вадхва біздің еліміз өзгерістерге ашық болуы керек екенін атап өтті.

Қазір нағыз революция басталды – барлығы дерлік тегін және таза энергиямен жұмыс істейді. Бұл процестер Қазақстанға әсер етеді, сондықтан сіздер өте жедел түрде инновациялар енгізулеріңіз керек. Ғарыштық зерттеулер, Айға туристік сапарлар – бұл шаралардың барлығы үнемі және жүйелі түрде орын алуы тиіс. Соңғы 100 жылда бізде керемет өнертабыстар болды. Біз ең ұлы кезеңде өмір сүріп жатырмыз, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Nobel Fest – әлемнің жетекші ғалымдары мен инноваторлары: Нобель сыйлығының лауреаттары, ғылыми Оскар иегерлері, стартаптар, әзірлеушілер және басқа да прогрестің қозғалтқыштарын біріктіретін ауқымды фестиваль.

Фестивальде Вивек Вадхвадан басқа Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, климат және тұрақты даму бойынша №1 сарапшы Рае Квон Чунг, әлемдегі ең ықпалды автоконструктор, BMW X5, Ferrari F430 және Mini Cooper концепциясын қалаушы Фрэнк Стивенсонды, құны 11,5 миллиард долларды құрайтын №1 HR стартапының негізін қалаушы Прасанна Санкар және басқалар.

Фестиваль бағдарламасы жасанды интеллекттен бастап климаттың өзгеруіне, экономиканың болашағына, стартаптар мен еңбек нарығына, ғылымның жаңа шекаралары мен адамзат болашағына дейінгі кең ауқымды тақырыптарды қамтиды.

Барлық жаңалықтар