00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Аула клубтарында үш мыңнан астам жастар тәрбиеленеді

31.07.2023 | 06:30
35
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Шығармашыл жастарды қолдау» туралы Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров  брифинг өткізді, деп хабарлады  Elorda.info

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жастардың шығармашылық қабілеттері мен идеяларын қолдау туралы тармақтарын орындау мақсатында Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасымен келесі жобалар жүзеге асырылуда.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған 26 Аула клубтары жұмыс істейді. Қала бойынша  шамамен 3000-нан аса жастар тәрбиеленеді. Үйірмелер мен секциялар саны - 124. Оның ішінде 68 спорт секциясы, 56 шығармашылық үйірме бар: түрлі би үйірмелері, сурет салу, қолөнер, вокал және т.б. Студент жастар арасында жыл сайын «Жастар жалыны» шығармашылық фестивалі өткізіледі. Биыл бұл жоба оқу жылы басталған соң, шамамен қазан-қараша айларында болады деп күтілуде. 

2022 жылы поэзия, театр, заманауи би, қазақ куиз, ұлттық би, музыкалық аспаптар, эстрада, айтыс, сурет салу, медиа номинациялары бойынша сайыстар өткізілді. Университеттер арасында Еуразия Ұлттық университеті гран-при ұтып алды. Биыл да өте тартысты, әрі қызықты фестиваль өткізу жоспарлануда,-деп тап өтті спикер. 

Сонымен қатар спикер, Астана қаласының 25-жылдығын мерекелеу аясында «Жайдарман» «Елорда кубогы» ойындары өткізілгенін айтып өтті.

Бұл жоба Жастар саясаты мәселелері басқармасымен 14 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Шараға қазақстандық 12 және көршілес Қырғызстаннан да команда қатысты. Жобаның бас жүлдесін, яғни кубокты талдықорғандық «Шапалақ» командасы иеленді. Күміс жүлдеге тараздық «Медиум» командасы ие болса, астаналық «Ақпен бірге» командасына 3-ші орын бұйырды. 

Қала күніне орай өткізген тағы бір шара – бұл «Үздік жас қаламгер» байқауы. Барлығы 98 өтінім келіп түсті, оның ішінде 25 қатысушы үздік деп танылды,-деді Қ. Қамбаров.  

Енді белсенді жастар мен волонтерлерге арналған «Jastar Jalyny camp» лагері ұйымдастырылады. Лагерь аясында жастар 3 күн бойы шеберлік сабақтарына, тақырыптық кештерге қатысады, тимбилдингтер, open air өткізіледі. 

Барлық жаңалықтар