00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Астана су қоймаларына ондаған мың тұқы балығы жіберілді

03.09.2023 | 04:30
65
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана және Қоянды су қоймаларына сарбояндық тұқы деп аталатын 12 мың шабақ жіберілді, деп хабарлады Еlorda.info.

Шабақтардың мөлшері 2-3 сантиметрден аспайды. "Жас Нұр" өндірістік-шаруашылық кәсіпорны мамандарының айтуынша, алдағы жазда балық аулау маусымына қарай олар 35-40 сантиметрге дейін өседі, ал салмағы 400 грамға жетеді. Балықшылардың қармағы мен шортаннан аман қалған жағдайда  тұқылардың салмағы бір жарым килограмға жуық болуы мүмкін. 

тұқы тұқы.jpg

Неліктен таңдау балықтың бұл түріне түсті? Тұқылар 70 жыл бұрын Қазақстанның астанасы орналасқан далалық климаттық жағдайдағы жерге әдейі әкелінген. 

"Жас Нұр" өндірістік-шаруашылық кәсіпорны басшысы Нұржан Смағұлов балықтың температураның өзгеруіне өте төзімді екенін, ащы да, тұщы да суда тіршілік ете беретінін айтты. Әрі Астана маңы су қоймаларындағы қамыс өскіндерінен бастап, бақа уылдырығы мен шаянға дейінгі барлық нәрселермен қоректенетінін атап өтті. Балық елордалық балықшылар арасында дәмділігімен танымал.

тұқы тұқы тұқы.jpg

Шабақтар "Maybalyk" инкубациялық балық питомнигінде өсіріліп, "Жас Нұр" қызметкерлері арқылы су қоймаларға жеткізіліп отыр. Шабақбар жыл сайын өсіріліп, су қоймаларына жіберіледі. Мысалы, өткен жылы Астана және Қоянды су қоймаларына 20 мың ақ амур шабақтары, ал 2021 жылы 90 мың крестьян тұқы шабақтары Астана маңындағы су қоймаларына әкелінген болатын. Ал келесі жылдың көктемінде кәсіпорындар су қоймаларындағы сарбояндық тұқы балықтарының санын 2 миллионға дейін көбейтуді жоспарлап отыр. 

тұұ.jpg

Бұл биологиялық тепе-теңдікті сақтау және су кеңістігін табиғи тазарту мақсатында жүзеге асырылады. Мұндай акцияларды барлық балық шаруашылығы ұйымдары елдің су айдындарындағы балықтардың түрлік санын сақтау және ұлғайту үшін жүзеге асырады. Аталған жұмыстар Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің және ауылдық округтер әкімдіктерінің бақылауымен өткізіледі. Балықтың белгілі бір тұқымын таңдау мамандардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері бойынша жасалады.

Ал елордалық балықшыларға жақын маңдағы су айдындарынан балық аулау үшін  өндірістік-шаруашылық кәсіпорнынан жолдама сатып алу жеткілікті.

Қанат Омаров

Барлық жаңалықтар