00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астаналық танымал балерина Тәуелсіздік күнімен құттықтады

11.12.2023 | 13:00
62
Фото: «Астана Опера» театрынан

«Астана Операның» жетекші балет солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Бекетаева қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info

Қазақстан мәдениетінің дамуына өз үлесімді қосу мүмкіндігіне ие болу мен үшін үлкен қуаныш. Жауапкершілік өте зор, өйткені әлемдік аренада біз әртіс ретінде өзімізді ғана емес, сонымен қатар өз Отанымызды да таныстырамыз! Мен болашаққа сеніммен қараймын және өзімнің Қазақстанның бөлшегі екенімді мақтанышпен сезінемін. Қазіргі таңда жастардың дамуына, өздерін жетілдіруіне және тұлға ретінде көрсетуіне барлық мүмкіндіктер қарастырылған. 

Мәдениет – тәуелсіз мемлекетіміздің ажырамас бөлігі. Қазіргі уақытта классикалық театрларда әлемдік опера және балет жауһарлары ұсынылуда, сондай-ақ сахнада ұлттық спектакльдер де зор табыспен көрсетіліп келеді. Бұл еліміздің мәдени дамуы жоғары деңгейде екенін білдіреді. Әлбетте, гастроль кезінде бізді тағатсыздана күтіп, ілтипатпен қарсы алғанда қатты қуанып қаламыз. Бұл шетелдік көрермендердің біздің әртістеріміздің бойынан шығыстың менталитетіне тән кеңпейілділік пен дарынды байқағандығынан деп ойлаймын. Біз өзімізді мемлекеттің қолдауының арқасында таныта алатынымызды тағы да қайталап айтқым келеді. Өнеріміз бен шығармашылығымыз арқылы біз өзімізді мәдениеті жоғары әрі дамыған мемлекет ретінде паш етеміз. 

Еліміздің өсіп-өркендей бергенін қалаймын. Мен өз Отаныма деген махаббатымды патриотизмім, жетістіктерім мен жеңістерім, өзімнің биіммен көрермендерді қуантуға деген құлшынысым арқылы білдіремін. Қазақстандықтарға ең алдымен денсаулық, ашық аспан, жаңа шыңдарды бағындыру жолында сарқылмайтын күш-жігер тілегім келеді. Бір-біріңізге махаббатпен және қамқорлықпен қарауға шақырамын! - деді ол.

Барлық жаңалықтар