00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астаналық оқушылар төтенше жағдайда жедел әрекет етуді көрсетті

13.03.2024 | 06:19
73

Зияткерлік ойынға қатысу үшін мектептер арасында алдын ала «Азаматтық қорғау саласындағы үздік бейнеролик» іріктеу туры өткізілді. Оның нәтижелері бойынша №22 мектеп-гимназия, №72 мектеп-лицей, №42 орта мектеп, №30 мектеп-гимназия үздік нәтижелер көрсетті. 

Ойын 4 турдан, теориялық және практикалық тапсырмалардан тұрды: командалардың сәлемдесуі, «Брейн-ринг», «Мен құтқарушымын», «Не? Қайда? Қашан?». 

Ойын барысында балалар азаматтық қорғау және алғашқы медициналық көмек көрсету саласындағы білімдерін, төтенше жағдайларда жедел әрекет етуді көрсетті. Сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының қалыптасу тарихындағы білім деңгейін арттырды. 

Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша №72 мектеп-лицейінің командасы 1-орынды, №30 мектеп-гимназиясының командасы 2-орынды және 3-орынды №22 мектеп-гимназиясының командасы иеленді.

Барлық жаңалықтар