00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Астаналық кітапханалар зияткерлік-орталық форматында жұмыс істейді

11.08.2023 | 10:30
70
Фото: дереккөз

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мекемесінің басшысы Гүлбадан Мәдібаева айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазіргі заманғы кітапханалар заман талабына сай, қоғам сұранысына ие болу жолында көп күш-жігер жұмсайды. Біз барлық қала тұрғындарына білім алу, қарым-қатынас жасау, шығармашылық орта қалыптастыруда ашық алаңға айналдық, - деді Г.Мәдібаева.

Деректерге сәйкес, кітапханаға қала тұрғындарының жалпы санына шаққанда орта мектеп оқушылары жиі барады – 29%, студенттер – 22%, сондай-ақ қаланың орта оқу орындарының оқушылары – 18%.

Елордалық кітапханалардың қызметкерлері оқырман арасында қызығушылықтар мен қажеттіліктерді анықтау, кітапхана қызметтерінің сапасын бағалау үшін сауалнама жүргізеді.

Қазіргі заманғы кітапханалар тек оқу залдары ғана емес, сонымен қатар сабақтарға, демалуға, араласуға, бұқаралық іс-шаралар өткізуге арналған кеңістігі бар коворкинг – орталықтарға айналған. Кітапхана пайдаланушылары үшін қызығушылықтары бойынша клубтар жұмыс істейді: шахмат, поэтикалық, тілдік курстар және т.б., - деп атап өтті Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы. 

Кітапханашылар уақыт талабына сай шығармашылық формаларды, жұмыс әдістерін жаңартуда үнемі ізденісте жүреді. Гүлбадан Мәдібаеваның айтуынша, бүгінде елордада оқырмандар жақсы көретін «Әлемді үлкен кітапханаға айналдырайық: BookСrossing» жобасы жұмыс істейді. Бұл бейтаныс адамдар арасында кітап алмасу процесі. Буккроссингтің мәні қарапайым – «оқыдың – басқасына беріңіз».

Бүгінгі таңда кітапханалардың базасында 30 үйірме және қызығушылық клубтары жұмыс істейді. 

Сондай-ақ зағип және нашар көретін адамдарға арналған мамандандырылған кітапханада «Брайлист» клубы жұмыс істейді. Қатысушылар Брайль бойынша бедерлі-нүктелі қаріппен оқытылады.

Барлық жаңалықтар