00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанадан өткен түнде 17,4 мың текше метр қар шығарылды

09.03.2024 | 10:56
49
фото: дереккөзден

Бүгінгі қар тазалау жұмыстарына қала бойынша 2,2 мыңнан аса жұмысшы мен 1,1 мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылды.

Өткен түнде 1,2 мыңнан аса рейс арқылы қаладан полигондарға 17,4 мың текше метр қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 445,3 мың рейспен 6 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Астанада қар күреу жұмысы тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелерде, жолаушылар көлігі жүретін жолдарда, аялдамалар мен тротуарларда тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Астана қаласында 9 наурызда күндіз жауын-шашын, ал түнде және таңертең тұман болады деген болжам жасалды.

Барлық жаңалықтар