00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Астанадан бір түнде 16 мың текше метрден астам қар шығарылды

16.03.2024 | 10:30
81
Фото: Астана қаласы әкімдігі

16 наурыз күні таңертең қала көшелерін қардан тазалауға 2,4 мыңнан астам жұмысшысы мен 1 мыңнан астам арнайы техника шықты.

15 наурыздан 16 наурызға қараған түні коммуналдық қызмет полигондарына 1,2 мыңнан астам рейс жасап, 16 мың текше метрден астам қар шығарды.

Қыс басынан бері елордадан 469 мың рейс, яғни 6,3 млн текше метр қар шығарылды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қалада қар мен мұзды жинау тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізілуде. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының ыңғайлы қозғалысы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болу, жылдамдық режимін сақтау сұралады.

Барлық жаңалықтар