00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада жолақыны трекинг функциясы арқылы төлеуге болады

27.02.2024 | 06:27
55
Фото: дереккөзден

Жолақыны трекинг функциясы арқылы төлеу үшін «Avtobys» мобильді қосымшасының картасынан автобусты таңдау қажет. Онда маршруттар бөліміне өтіп, қажетті бағдарды, одан кейін белгішені басу арқылы автобусты таңдайсыз. Төлеу функциясын басқан соң төлем расталады. 

Төлем «Avtobys» қосымшасының теңгерімінен немесе банк картасынан (банк картасы қосымшаға тіркелген жағдайда) алынады. 

Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады. 

Естеріңізге сала кетейік, елорданың қоғамдық көлігінде жол ақысын көлік картасы, QR-код сканерлеу,  Bluetooth арнасы,  банк картасы, NFC құрылғылары,  автобустың борт нөмірі және трекинг функциясы арқылы төлеуге болады.

Барлық жаңалықтар