00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада жарықтандыру және смарт-технологиялар көрмесі өтеді

03.11.2023 | 14:00
48
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 8-10 қараша күндері Interlight Central Asia халықаралық жарықтандыру және смарт-технологиялар көрмесі өтеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл іс-шараға сала көшбасшылары, MAYTONI, JUNG, Аledo, Apeyron Electrics, Fael LUCE, Центрсвет, Electrio, «220 Вольт», «Световые технологии» сияқты ірі халықаралық компаниялар мен брендтердің өкілдері жиналады.

Қызықты дөңгелек үстелдер, семинарлар мен қалалық және сәндік жарықтандырудағы өзекті үрдістерді талқылайтын кездесу өтеді. Николай Сизый (LiDS бюросы), Константин Цепелев (BRIGHT BURO), Ксения Ланикина (ЯРКО-ЯРКО бюросы) сияқты танымал дизайнерлер мен сарапшылар қатысып, өз тәжірибелерімен және идеяларымен бөліседі.

Іс-шараға @interlight.kz электронды поштасы арқылы тіркелуге болады.

Барлық жаңалықтар