00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада жаңажылдық отшашуды қай жерден тамашалауға болады

29.12.2023 | 07:30
46
фото: www.gov.kz

Астанада Жаңа жылға арналған мерекелік отшашу демеушілер қаржысы есебінен ұйымдастырылады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сағат 00:00-де отшашуға дейін Қазақстанның әнұраны шырқалады. Кейін Ботаникалық бақ пен «Атырау» көпірінің аумағынан Әр орыннан шамамен 1 мың отшашу атылады деп жоспарланған.

Сонымен қатар 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қаладағы үш жерде мерекелік іс-шаралар өтеді. 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02.00-ге дейін орталық алаңда, «Қазақ елі» монументі аумағында және ЭКСПО алаңында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Жаңа жыл түні» мерекелік концерті өтеді.

Сондай-ақ, тұрғын үй алаптарында да жаңажылға арналған мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады.

Барлық жаңалықтар