00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада жаңа маршрут іске қосылады

29.10.2023 | 03:30
57
Фото: gov.kz

Маршруттық желіге қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында елордада №27 жаңа маршрут іске қосылады, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Жаңа бағыт "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы" - "Бағыстан" тұрғын үй кешені" аралығымен жүретін болады.

Бағдар "Қорғалжын кварталы" ТК, Е-128, Әйтеке би және Әнет баба, Қ. Мұхамедханов көшесіне көліктік қызмет көрсетуді жақсартады. Сығанақ көшесімен жүретін және "Шығыс" ТК, "Sat City" ТК тұрғын үй кешендеріне қызмет көрсетуді жүзеге асыратын № 29, 29А, 49, 61 бағдарларының жүктемесін азайтуға ықпал етеді, - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Орынбор, Түркістан, Ф. Оңғарсынова, Е-117 көшелері, Ботаникалық бақ, Ұлы Дала даңғылы, "Венский Квартал", "Besterek", "Jetisu.Aqsu" және "Бағыстан" тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар