00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада жүгіруден өтетін жаңа жылдық жарыстың бағыты өзгерді

29.12.2023 | 03:30
50
Фото: дереккөз

Астанада 31 желтоқсанда жаңа жылдық жаппай жүгіру өтеді. Қатысушылар үшін маршрут сәл өзгертілді, деп хабарлады Elorda.info

Жаппай жүгіру шарасы Астанада Жаңа жыл қарсаңында өткелі отыр. 
Қатысушылар 2024 метр қашықтықты бағындырады.

Жарыс 31 желтоқсанда Ботаникалық бақтан (Ақмешіт көшесінен) басталып, ЭКСПО-дағы бас шыршада аяқталады. Жарыс 21:00-де басталады. сағат 20:00-ден бастап алғашқы 1000 қатысушыға арнайы жапсырылатын номерлер жарыс өтетін жерде беріледі.

d5fb8eec6d6223e1873f06298c745527_1280x720.jpeg

Жарыс алдында фитнес-жаттықтырушымен дене шынықтыру және түрлі бағдарламалар ұйымдастырылады. Барлық қатысушылар арасында жаңа жылдық лотереяның жүлделері ойнатылады. 

Алғашқы 1000 қатысушы арнайы медальмен марапатталады.

Барлығын жарысқа қатысуға шақырамыз. Спорттық бөлім аяқталғаннан кейін бас шырша аумағында концерттік бағдарлама, лотерея және марапаттау рәсімі өтеді.

Жарыс өтетін күні сағат 20.40-тан 21.30-ға дейін Ұлы дала даңғылы Ақмешіт қиылысынан бастап картада көрсетілген бағыт бойынша жартылай жабылатындығын ескертеміз, - делінген қала әкімдігінің ресми сайтында.

Барлық жаңалықтар