00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанадағы қазақша куиздер жайлы не білеміз? (ФОТО)

25.01.2024 | 05:30
62

Жалпы елордада 3 қазақша куиз ойындары тұрақты түрде ұйымдастырылады. Олар: «TEZ TAP», «BasTIME» және BAQ Liga QUIZ. Сонымен қатар орыс және ағылшын тілінде де ойындар өтіп тұрады. 

Барлығының ортақ мақсаты – қатысушылардың интелектісін көтеру мен бос уақытын тиімді өткізуге жәрдемдесу. 

photo-26.jpg

«Quiz» сөзі ағылшын тілінен аударғанда викторина, сауалнама деген мағынаны білдіреді. 

Ойын ретінде шамамен 1975 жылдары танымал бола бастаған. Еуропада зияткерлік ойын өткен ғасырда қанатын кеңге жайса, көршілес Ресейде бұл 2010 жылдың ортасында ғана аудитория жинаған. 

Мұнда қатысушылар топ болып бірігіп, сұрақтарға тапқырлықпен тез әрі шапшаң 30-60 секундта жауап беруден бөлек, логикамен де сыналады. 

Куиз ережесі 3-10 адам бірігіп, топ құрып, ойынға тіркеледі. Ойын басында жүргізші барлық ережені түсіндіреді. 

Жарыс бірнеше турдан тұрады. Әр тур тақырыбына, қиындығына қарай ерекшеленеді. Қойылған сұрақтың жауабын ойлануға бір немесе екі минут уақыт беріледі. Командалар ақылдасып, жауап парағына өз жауаптарын жазады. Тур аяқталған кезде жауап парақтары жиналып, комиссияға тапсырылады. Олар тексеріп, әр команда қанша ұпай жинағанын есептейді. 

8b4696ec-ae58-43bd-8880-f0a2c35182e1.jpg

Жарыстың орташа ұзақтығы – 2-2,5 сағат. Интеллектуалдық алаңда шамамен 35-50 сұрақ қойылады. 

Ойында логикалық тест форматында, суретпен жасырылған, аудио нұсқасында ұсынылады. 

photo-17.jpg

Қатысушылар 2000-3000 теңге көлемінде жарна төлейді. 

Осы орайда кейіннен қосылған BAQ Liga куизінің ерекшелігі – ойындар Battle, яғни жекпе-жек түрінде өтеді. 

Өзге классикалық куиздерде барлық команданың ішінен тек жоғары ұпай жинаған 3-еуіне ғана жүлде бұйырады. Ал біздің чемпионатта командаларға ортақ сұрақ қойылады. Алдын ала белгіленген қарсыласынан басым түскен команда жеңіске жетеді. Жарыста командалардың жүлдегер атану мүмкіндігі көбірек, - дейді куиіз ұйымдастырушысы Әзиз Жұмаділ.

photo-64.jpg

Қазір чемпионатта 8 команда тұрақты түрде қатысады. Олар 4 жұпты құрап, бір-біріне қарсы ойнайды. 

Алғашқы топтық кезеңде барлық команда бір-бірімен кездесіп шығады. Жоғары ұпай жинағандар плей-оффқа өтеді. Ол кезеңде 1-орын алған команда 8-орын алғанмен, 2 мен 7, 3 пен 6, 4 пен 5-орын алғандар кездеседі. Жеңгендер 1-4 орынға таласады, жеңілгендер 5-8-орын иегерлерін анықтайды. 

photo-31.jpg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, BAQ Liga куизінің жеңімпаздары алдағы Наурыз мейрамы қарсаңында белгілі болады. Жүлде қоры да қомақты. 

Қазақша куиздердің және интеллектуалды ойындардың сұрақтарын Мерей Ермұханов дайындайды.

Астанада қазақша куиз жақсы дамып келеді. Адамдардың одан сайын көбейгенін қалаймыз. Қазақы санадағы тарих, мәдениет, дүниетаным, тұрмысқа қатысты сұрақтарды көбірек қосуға тырысамын. Өзім ойыншы болып ойнағасын қатысушыларға сұрақтың қандай болу керектігін жақсы түсінемін. 

Iqas интеллектуалды ойынын бағдарлама ретінде телевидениеге дейін шығардық. Бастысы, ерекше ойланатын ойлы адамдардың логикасын дамытқымыз келеді. Мұнда тұрақты қатысатындар жетістікке жетеді, - дейді М.Ермұханов.

Айта кетейік, куиз – адамдарға өзіңді дәлелдеуге, мықты екеніңді мойындататын орта. Кейбіреулері, тіпті апта бойы жиналып қалған негативті эмоциясын шығаруға барады.

Барлық жаңалықтар