00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанадағы авиабаза жаңа әскери ұшақпен толықты

11.08.2023 | 09:30
80
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Астанадағы авиабазаға испандық Airbus Defence and Space компаниясы шығарған жүк көтергіші орташа С-295МW әскери-көлік ұшағы келіп жетті, деп хабарлады Elorda.info

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әуе кемесі 69 әскери қызметші және 8 800 келіге дейін жүк тасымалдауға арналған. Ол өз санатындағы ең сенімді әрі үнемділердің бірі болып келетін Pratt & Whitney PW127G шығарған екі турбовинтті қозғалтқышпен жабдықталған. С-295МW ұшағы ең қолайсыз ауа райы жағдайында да тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін заманауи ұшуды басқарушы жүйесімен және пилоттық-навигациялық жабдықтармен жасақталған. 

Қысқа және орта іс-қимыл радиусындағы ұшақтың артқы жағында пандусы бар жүк кабинасымен жабдықталған. Әуе кемесі жеке құрамды тасымалдауға, десанттауға және жүктерді лақтыруға, әуеде бақылау жүргізуге және медициналық эвакуациялауға арналған. 

Әскери авиацияның мүмкіндіктерін арттыру шеңберінде 19132 әскери бөліміне С-295МW жаңа әскери ұшағы келіп қонды. Техникалық сипаттамалары бойынша бұл өз санатындағы ұшақтардан отын шығыны жағынан ең тиімді, сенімді және үнемді ұшақтардың бірі, – деп түсіндірді Әуе қорғанысы күштері қару-жарақ бас басқармасының штаб бастығы, полковник Дмитрий Федорченко.

Ұшақтың осы үлгісін пайдалану мақсатында ұшқыштар мен инженерлік-техникалық құрам Испанияның Севилья қаласындағы Airbus Defence and Space оқу-жаттығу орталығында оқытылды. 

Барлық жаңалықтар