00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада танымал әншілердің гонорарын жымқырған алаяқ ұсталды

21.12.2023 | 03:45
43
фото: дереккөзден

Астана қаласы Полиция департаменті «Есіл» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Тергеу барысында, ер адамның эстрада әншілерінің қатысуымен мерекелік іс-шараларды ұйымдастырумен айналысатыны анықталды. Ол белгілі әншілердің қатысуымен кеш ұйымдастыруға уәде беріп, елордалық ойын-сауық мекемелері бірінің директорынан алдын ала төлем алған. Алайда, уәде етілген әншілердің барлығы кешке толық қатыспаған, сондай-ақ гонорарды да жымқырған. Кейін ол әр түрлі сылтау айтып, байланысқа шықпағасын мекеме директорына барлық шығынды өзі төлеген. Кәсіпкерге келтірілген материалдық шығын 6 млн. теңге.

Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, - деді ПД баспасөз қызметі. 

Барлық жаңалықтар