00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Астанада студенттік жатақханалардың жай-күйі тексерілді

24.08.2023 | 11:00
43

 AMANAT партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен елордада студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жағдайы тексерілді, деп хабарлады Elorda.info.

Жұмыс тобында Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Бәшімов, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов, «AMANAT» партиясы елордалық филилалының атқарушы хатшысы Сақтаған Сәдуақасов, «Жастар Рухы» елордалық филиалының төрағасы Арыстанбек Мағзұм болды. Олар алдымен Esil университетіне тиесілі жатақхананың жағдайымен танысты.

WhatsApp Image 2023-08-24 at 16.29.46.jpeg

Esil университетіндегі 2 факультет 19 білім бағдарламасы бойынша білім береді. 176 орындық жатақхана 2008 жылы салынған.

Бұл жатақхана 3 қабатты, әр қабатта 18 бөлме бар. Әрқайсысының ішінде жуыну бөлмесі, тамақ ішетін және жатын орын бар. Студенттер айына 20 мың теңге төлейді. Қазір 200 бала жатақханада тұруға өтініш тастады. 26 тамыз күні нақты шешім қабылданатын болады. Әрине, бірінші кезекте грант иегерлеріне басымдық беріледі. Мәселен бізде студенттер жазда жатақханада тұрды. Олар демалыс уақытында жұмыс істегендіктен біз тұруға рұқсат бердік,- дейді Esil университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Сәкен Қалқаманов  .

Оның сөзінше, қалған  2-4 курс студенттері тазалығы мен тәртібіне байланысты жатақханаға орналастырылады. Орын жетіспеген жағдайда студенттер университеттің серіктестік келісімі бойынша жақын маңдағы жекеменшік жатақханаға орналаса алады. Бірақ оның айлық төлемі 10 мың теңгеге қымбат. 

WhatsApp Image 2023-08-24 at 16.29.45.jpeg

Әрі қарай жұмыс тобы Жоғары сауда-экономикалық колледжінің жатақханасымен танысты. Бүгінде студенттер үйінде орын тапшылығы жоқ. 

Жаңа оқу жылы басталар шақта жатақхана жетіспеушілігі байқалады. Жыл сайын қайталанатын мәселе елорда да өзекті. Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимовтың сөзінше, елордада жатақханаларда 16 мыңға жуық орын жетіспейді. 

WhatsApp Image 2023-08-24 at 16.29.50.jpeg

Оқу жылы қарсаңында біз әрқашан жатақхана жағдайымен танысамыз. Бүгін біз елордадағы жатақханалардың қолайлығы мен жағдайын тексеріп жүрміз. AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша жергілікті мәслихаттар партия филиалдарымен бірлесіп, рейд өткізеді. Тексеру жұмысы  2 аптаға жалғасып жатыр. Бүгінде қаламызда 16 жоғары оқу орны мен 30-дан астам колледж бар. Солардың барлығында 100 мыңнан аса студент оқиды. Шамамен 15 800 студентке орын жетіспейді. Қазір инвесторлар тартып, жатақхана салу жоспарланып отыр. Бүгінде 30 инвесторға 6  ЖОО жанынан жер бөлінді. Құжат жұмыстары реттелген соң құрылыс басталады. Сол арқылы біз 12 мың орындық жатахана тапшылығын жоямыз. Оған 1 жарым жыл уақыт қажет,- деді мәслихат төрағасы. 

 WhatsApp Image 2023-08-24 at 16.29.49.jpeg

Барлық жаңалықтар