00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астанада Семей полигонынан зардап шеккендер мәселесі талқыланды

29.08.2023 | 14:53
42
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада  «Семей полигоны: адамдар мен тағдырлар, шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Elorda info.

Шараны қалалық Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.

Аталған іс-шараға Астана қаласының қоғамдық кеңесі мүшелері, мәслихат депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты. 

гулдер.jpg

Бүгін тарихи күн. 1991 жылдың 29 тамызында әлемде  Невада полигонынан кейінгі көлемі жағынан екінші орында тұрған Семей ядролық полигонының жабылуы туралы жарлыққа қол қойылды. Бұл кездесуде осы тарихи оқиғаны еске алып, талқылау үшін жиналып отырмыз, - деді Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсаинова. 

каркар.jpg

Бұдан соң дөңгелек үстел басына жиналғандар Семей полигоны зардабынан қаза болғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Әрі қарай «Семей ядролық полигоны» қоғамдық қорының гимнін тыңдап, атқарылған істер туралы бейнебаянды тамашалады.  

Алғашқы сөз кезегін алған «Семей ядролық полигоны» қоғамдық қорының төрағасы Әбдікәрім Болатбек полигоннан зардап шеккендердің жағдайы туралы баяндады. Ол сөзін осы полигон кесірінен болған өз басындағы жағдаймен бөлісуден бастады. Оның пікірінше бүгінгі қолданыстағы заңға өзгеріс енгізу қажет. 

шара.jpg

19 жастан бастап полигон зардабынан құлағым 69 пайызға естімей қалды. 2007 жылы шағымданып жүріп, 3 топ мүгедектігін әрең алдым. Ал сол мүгедектік құжатын көрсетсең, ешкім керек етпейді. 1992 жылдан бері Семей полигоны туралы заң бар. Онда зиянды аумақта «тұратындар» мен «тұрып кеткендер» деп бөлініп жазылған. Меніңше, бұлай бөліп-жарудың қажеті жоқ. Кім-кім болсын, Семей полигонына қатысы болды ма, тең дәрежеде соған арналған көмекті алу керек. Ол үшін заңға өзгерістер енгізуіміз керек, - дейді «Семей ядролық полигоны» қоғамдық қорының төрағасы.

Одан кейін Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Кәрімбек Құрманәлиев, «ҚР Семей ядролық сынақ полигоны ерекше тәуекел етушілер бөлімінің ардагерлері мен мүгедектерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Ержан Дүйсенбаевтар өз ойларын ортаға салды.  сөйледі.  

Дөңгелек үстел әрі қарай қатысушылардың пікір алмасуымен жалғасты. 

Барлық жаңалықтар