00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астанада құсбегіліктен халықаралық турнир өтеді

11.09.2023 | 09:00
54
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласы маңындағы Софиевка ауылында 12-13 қыркүйек күндері құсбегіліктен (саятшылық) барлық жастағы спортшылар арасында Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы халықаралық турнир өтеді, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

кус.jpeg

Жарысқа Қытай, Моңғолия, Қырғызстан мемлекеттерінен сонымен қатар, Қазақстанның 15 облысы мен 4 қаласынан спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр.

Атаулы халықаралық турнир биыл 6-шы рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа әлем чемпионатының жеңімпазы Серікболсын Жалғасұлы, Азия чемпионатының жеңімпазы Арман Қошқаров сынды спортшылар қатысып, бақ сынайды.

Өтетін орны: «Алаш» тас жолы, Софиевка ауылы.

Барлық жаңалықтар