00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада әртіс Шәміл Жүнісов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

15.11.2023 | 15:00
62
Фото: дереккөз

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының 32 жылдығына орай театр негізін қалаушы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, еңбек ардагері Шәміл Жүнісов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлады Elorda.info

Шығармашылық ғұмырын ұлттық театр сахнасында өткерген өнер майталманы 200-ге тарта рөлдерде ойнады. Шәміл Жүнісов дүниеге әкелген рөлдер – бірін-бірі қайталамайтын, бір-біріне әсте ұқсамайтын. 

Жиынды қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайркеткері Светлана Жалмағамбетова ашып, Ш.Жүнісовтің мұрасы жайында сөз сөйледі.

Елордамыздағы театр өнерінің дамуына, жалпы астананың Астана болуына үлкен еңбек сіңірген адамдардың бірден-бірі – Шәміл Жүнісов. Осыдан 32 жыл бұрын қазақ театры ашылғанда, қазақилықты аңсаған Ақмола тұрғындарының қуанышында шек жоқ еді. Сол қазақ театрының осы елордамыздың дамуына қосқан үлесін сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Өйткені сол уақытта қазақтардың саны осы біздің қалада 14%-ды ғана құрайтын. Сондықтан қазақ мектептерін ашу, қазақ театрын ашу ол кезде үлкен ерлікпен пара-пар еді. Жақып Омаров бірінші болып Қазақстанда бірнеше театр ашып, өлшеусіз үлкес қосқан еді. Ақмолаға бір топ жастарды алып келді. Солардың ішіндегі екі үлкен майталман актер болды, олар – Шәміл Жүнісов пен Рымкеш Омарханова еді, - деді С.Жалмағамбетова.

d179a465-b986-4487-bc9a-cf4b8736c068.jpg

Жиын барысында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының негізін қалаушылар Рымкеш Омарханова, Болат Ыбыраев, Мұрат Мақсұтов сөз сөйлеп, әріптестері Шәміл Жүнісовті еске алды. 

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қаза музыкалық драма театрының директоры Айболат Жанғалиұлы осы шараны ұйымдастыруға қолдау білдірген сахна саңлағының жары Ғалия Давыдқызына ризашылығын білдірді.

Барлық жаңалықтар