00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада неміс мәдениетіне арналған фестиваль өтіп жатыр

09.09.2023 | 12:28
42
Фото: Оңалхан Өнерхан

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ғимаратының алдындағы алаңда неміс мәдениетіне арналған «Wir sind zusammen» ХІ республикалық фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Фестивальде мастер-класстар мен көрмелер, концерттер, қызықты квестер, флешмобтар, көңілді конкурстар және тағы басқалар ұйымдастырылды.

0f5d22b4-1403-4698-8a75-800be0812a53.jpg

Астана мен республика өңірлерінен келген шығармашылық ұжымдар концерттік бағдарлама қойды.

edfae8ed-7d7f-4567-963e-86b87c38b096.jpg

043458a2-06c7-4b80-8a8c-2ba476c7fd25.jpg

Фестивальдің салтанатты ашылуына Сенат депутаты Евгений Болгерт, Германияның Астанадағы елшілігінің өкілі Цилликенс Клаус, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов пен Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен және Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов қатысты.

Осы шуақты күнде неміс мәдениетінің жазғы республикалық фестивалі өтіп жатыр. Қонақтар еліміздің түкпір-түкпірінен және өңірлерден келді. Фестивальде жәрмеңке, көрме, шеберлік сыныптары мен экскурсиялар ұйымдастырылды. Неміс тағамдары, қолөнер, неміс үйінің интерьері, неміс тілінің салондары, фольклор, маусымдық мерекелер көрсетілді, - деді ҚХА хатшылығы Астана қаласының қызметкері Гүлнар Ноянқызы.

Барлық жаңалықтар