00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Астанада «Маңғыстаудан мың сәлем, Алаш төрі!» атты гала-концерт өтті

08.11.2023 | 16:00
85

Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Астанадағы Маңғыстаудың мәдени күндері «Маңғыстаудан мың сәлем, Алаш төрі!» атты гала-концертпен салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады Elorda.info

Елорда төрінде өткен салтанатты шараға ҚР Парламентінің Сенат, Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

4f7ce961-5c65-4252-b47f-3e851884ecd7.jpg

Мерекелік кештің шымылдығы Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің «Мереке думан» шығармасымен ашылды. 

0fd6b08d-5663-4850-a99f-2ee65d279529.jpg

Қашаған, Абыл, Сүгір бабаларымыз шыққан, Әбіш пен Сержан ағамыз, Сабыр мен Светқали ініміз, Тамара мен Айгүл қарындасымыз секілді майталман әдебиет, өнер адамдары шыққан тарихы тұнған маңғаз Маңғыстауымыздың өнерін тамашаладық. Маңғыстаулық өнер адамдарына рақмет! Өнер сахнасында сәттілік тілеймін, - деді Мәжіліс депутаты, Қазақстанның Еңбек Ері Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Гала-концертке келген астаналықтардың қарасы қалың болды. Олар мың бояулы Маңғыстаудың сәлемін ала келген ҚР Мәдениет саласының үздіктері, Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрі, Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары, «Жорға» би ансамблі, «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблі, Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармониясының өнерпаздары, маңғыстаулық эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалады. Әннен шашу шашылып, Маңғыстаудың мақамды жыр-дастаны мен күйі орындалды. 

8c02c63d-75ac-436b-a9fa-27b22b826226.jpg

Залға жиылған қонақтар ыстық ықыласын білдіріп, өнерпаздарды қошеметімен қуантты.

Айта кетейік, мәдени күндер аясында Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау драма театрының ұжымы академиялық театр сахнасында өнер көрсетті. Сондай-ақ маңғыстаудың қолданбалы қолөнер шеберлерінің көрмесі, сурет көрмесі, ұлттық киімдер мен бұйымдар көрмесі Астананың әр жерінде өтіп жатыр.

Барлық жаңалықтар