00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада Ұлттық домбыра күні айрықша аталып өтті (ФОТО)

02.07.2023 | 19:00
77
Фото: Мәдениет және спорт министрлігінен

Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні ерекше аталып өтті. Республика бойынша салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып, ең ірілерінің бірі Астанада өтті, деп хабарлады Elorda.info

«Бәйтерек» монументінің жанында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған концертке отандық музыка жұлдыздары қатысты.

48b71c65-996e-46ce-b205-363e52f84bc5.jpg

e3006f94-c565-421a-9804-ca2edb6715e7.jpg

Елорда тұрғындары мен қонақтарын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, соның ішінде: Секен Тұрысбеков, Айтқали Жайымов, Рамазан Стамғазиев, Айгүл Елшібаева, Қайрат Кәкімов, Ерлан Рысқали, Айгүл Қосанова, Дінзухра Тілендиева, Айгүл Үлкенбаева, «Астана Опера» опера және балет театры, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі, Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Қазақ мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық ұлттық аспаптар оркестрі, жақын шет елдердің әртістері және т.б. солистер киелі домбыра шанағынан күй әуелетті.

d59fa98e-9955-4346-bfec-996de7b33ca3.jpg

Концерт көптеген көрерменді, соның ішінде шетелдік туристері айрықша тәнті етті.

Домбыра – бұл жай ғана аспап емес, ол қазақ халқының бойтұмары әрі біздің бай музыкалық мәдениетіміздің қайнары. Әрине, ұлттық өнерімізді сақтамай, рухани мұрамызды байыту мүмкін емес. 

Біздің министрлік осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. 

Атап айтқанда, домбырада және басқа да дәстүрлі аспаптарда ойнау өнері материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізіміне қосылды. Ал «Ортеке» қуыршақ биі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енді, деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

334ad2aa-65d3-4230-8f17-5dd4e9c7910b.jpg

Министрдің айтуынша, елімізде мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында 650-ге жуық домбыра үйірмесі жұмыс істейді. Оларға 26 мыңнан астам бала қатысады.

Барлық жаңалықтар