00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада қоймадан алапат өрт шықты

09.04.2024 | 09:27
Елорда ақпарат
96
Астанада қоймадан шыққан алапат өрт сөндірілді
Фото: ТЖМ

ТЖМ хабарлауынша қоймада резеңке бұйымдар болған. Қызыл жалын шамамен 1000 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлады Elorda.info.

Өртті сөндіруді резеңке бұйымдардың жоғары температурада жануы қиындатты. Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 61 қызметкері және 15-ке жуық техникасы жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс жүргізді, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өрт сағат 08:46-да сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Барлық жаңалықтар