00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

12.04.2024 | 16:44
Сабина Кәкімжан
108
Астанада Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Фото: Василий Крась

Академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай бүгін Астанадағы Еуразия ұлттық университеті іс-шаралар ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.

Алдымен көрнекті ғалымның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Оған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, ҚР Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Халықаралық Сәтбаев қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы6 Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, және белгілі ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Қазақ ғылымының атасы, ғалым, геолог, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толды. Ол Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, ғалым қазақ даласындағы көптеген пайдалы қазбаларды алғаш ашты. Ұлы тұлғаның мерейтойына арналған іс-шаралар өзге қалаларда да ұйымдастырылуда. Сондай-ақ бүгінгі 12 сәуір ғылым қызметкерлерінің күні құтты болсын, - деді Саясат Нұрбек.

Кейін Ғылым академиясының тұңғыш президентіне жасалған барельефтің ашылу салтанаты өтті. Оны Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов ашты.

Қаныш Сәтбаевтың суреті бейнеленген тақтайша университеттің бас ғимаратына орнатылды. Оның авторы – ЕҰУ сәулет кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Талғат Анарбеков. Барельефтің өлшемі 60*80 см.

 

Мен бір аптадай Қаныш Имантайүлының тақтайшаға сай келетін портретін іздеп, осы нұсқасына тоқталдым. Рельеф мүсіндік пластиленнен жасалған. Жалпы, мүсіндеу жұмысын жасап шығу үшін 1 айдай уақыт еңбек еттім, - деді автор Талғат Анарбеков.

Сондай-ақ, мұнда Қаныш Сәтбаевты еске алу мақсатында оның жеке қолданған заттарының, экслюзивті портреттердің, ғылыми еңбектердің көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда келген қонақтар, оқытушылар, студенттер ғалымның туған жері Павлодар облысы, Баянауыл ауданынан арнайы әкелінген жәдігерлермен танысты.

Барлық жаңалықтар