00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада көркем гимнастикадан жазғы республикалық спартакиада өтеді

13.05.2023 | 09:00
38
фото: gov.kz

16-19 мамыр күндері Астанада көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы өтеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Турнирге еліміздің барлық өңірінен 60-тан астам спортшы қатысады.

Топтық жаттығулардағы жарысқа 2008 жылы туған бір гимнастан ғана жіберіледі. Спартакиадаға Қазақстан құрама командаларының көшбасшылары, соның ішінде Айбота Ерсайқызы, Елжан Таниев, Ерік Жайлауов, Милан Парфилова қатысады.

Көпсайыс финалына жеке бағдарламада ең жоғары нәтиже көрсеткен командалар құрамынан 15 спортшы жіберіледі. Көпсайыс финалының жеңімпазы ең жоғары балл сомасы бойынша анықталады.
Жеке бағдарламада көпсайыстың жекелеген түрлерінде финалға көпсайыстың әрбір түрінде ең жоғары нәтиже көрсеткен командалар құрамынан 8 спортшы жіберіледі. Ал топтық жаттығулардағы көпсайысқа – біліктілігі жоғары аймақтан бір команда.

Турнирдің ресми ашылуы 17 мамыр күні сағат 12:00-де Qazaqstan спорт кешенінің жеңілатлетика манежінде өтеді.
Жарыс ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті және Астана әкімдігі

Барлық жаңалықтар