00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада «Jastar jalyny-2023» шығармашылық фестивалі басталды

04.12.2023 | 12:00
51
Фото: Elorda Aqparat

Астананың жоғары оқу орындары мен студент жастары арасында «Jastar jalyny-2023» шығармашылық фестивалі басталды, деп хабарлады Elorda.info

13 желтоқсан күні сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

Бүгін басталып, 12 желтоқсанға дейін созылатын фестиваль барысында жастар 10 номинация бойынша сынға түседі.

Фестиваль Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтеді.

«Jastar jalyny-2023» фестивалі жастардың шығармашылық әлеуетін ашу, дарынды жастарды анықтау, дарынды балалар мен ұжымдардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету және жағдай жасау, рухани және мәдени әлеуетін дамыту, студенттерге эстетикалық және этикалық тәрбие беру жүйесін жетілдіру, белсенді азаматтық, әлеуметтік жауапкершілік, патриоттық сезім, адамгершілік құндылықтар мен көшбасшылық қасиеттерді арттыру мақсатында өткізіледі.

Фестивальдің конкурстық бағдарламасына елорданың 15 университеті қатысады.

«Jastar jalyny-2023» фестивалінде ұсынылған номинациялар: эстрада, ұлттық би, заманауи би, музыкалық аспаптар, шахмат, поэзия, медиа, театр, сурет, Qazaq Quiz.

Фестивальдің қазылар алқасы еліміздің ең тәжірибелі мамандарынан жасақталды.

Бағдарламаны мәдениет және өнер қайраткерлері, еліміздің еңбек сіңірген әртістері, кәсіби хореографтар мен видеографтар бағалайды.

Барлық жаңалықтар