00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада «Jastar jalyny-2023» фестивалінің қорытындысы жарияланды

14.12.2023 | 10:30
58
Фото: дереккөз

Астанада Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда студент жастар мен елорданың жоғары оқу орындары арасында «Jastar jalyny-2023» жастар шығармашылығы фестивалінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фестиваль 4-13 желтоқсан аралығында өтті, үздіктер 10 номинация бойынша анықталды. Іс-шара қаланың Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтті.

«Jastar jalyny-2023» фестивалі жастардың шығармашылық әлеуетін ашу, дарынды жастарды анықтау, дарынды балалар мен ұжымдардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету және оларға жағдай жасау, рухани және мәдени әлеуетті дамыту, студенттерге эстетикалық және этикалық тәрбие беру жүйесін жетілдіру, белсенді азаматтық, әлеуметтік жауапкершілікті, патриотизм сезімін, адамгершілік құндылықтар мен көшбасшылық қасиеттерді арттыру мақсатында өткізілді.

Фестивальдің конкурстық бағдарламасына елорданың 13 университеті қатысты.

«Jastar jalyny-2023» фестивалінің жеңімпаздары:

«Заманауи би» номинациясы бойынша:

I орын – «Turan-Astana» университетінің «TAU ROCKET» би тобы.

II орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «ARROW CREW» би тобы.

III орын – А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Black mamba» би тобы.

390963f17cbb0e2410579236287bd041_1280x720.jpeg

«Ұлттық би» номинациясының жеңімпаздары;

I орын – Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері Сәния Сәкенова және Милана Струсинская.

II орын – Астана Халықаралық университетінің «Мөлдір-ай» тобы.

III орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Шаттық» би ансамблі.

«QAZAQ QUIZ» номинациясы:

I орын – «Turan-Astana» университетінің «Jastar ortalygy» құрамасы.

II орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Seifullin» құрамасы.

III орын – Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының «APEMS» құрамасы.

«Шахмат» номинациясы:

I орын – Astana IT университетінің студенті Ибрагим Ғалымжанұлы;

II орын – Астана медицина университетінің студенті Әлрами Алдабергенов;

III орын – М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті филиалының студенті Борис Черкасов.

«Поэзия» номинациясы:

I орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенті Елдар Әмірхан;

II орын – Астана Халықаралық университетінің студенті Анар Өтегенова;

III орын – Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенті Ажар Ерназар;

«Медиа» номинациясы:

I орын – «Turan-Astana» университетінің «JASTAR TAU» командасы;

II орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «KAZATZU MEDIA» командасы;

III орын – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің командасы.

«Эстрада» номинациясы:

I орын – А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенті – Медина Журтекина;

II орын – «Turan-Astana» университетінің студенті – Алуа Қазыбаева;

III орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенті – Айнұр Сәдуақасова.

«Сурет салу» номинациясы:

I орын – Астана Халықаралық университетінің студенті – Ангелина Демина;

II орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенті – Самал Мұқашева;

III орын – А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенті – Дина Анарбекова.

«Ұлттық аспаптар» номинациясы:

I орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Шабыт» ұлттық аспаптар ансамблі;

II орын – М.Narikbayev атындағы «KazGUU» университетінің «VIA MNU» тобы;

II орын – Астана Халықаралық университетінің «Аманат» ансамблі;

III орын – Astana IT университетінің «AITU» оркестрі.

«Театр» номинациясы:

I орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Ақжелкен» театры;

II орын – А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Қызыл жебе» театр студиясы;

III орын – Астана Халықаралық университетінің «Ozge theatre» театры.

«Jastar jalyny-2023» жастар шығармашылығы фестивалінде Гран-при иегері – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.

«Jastar jalyny-2023» фестивалінің қазылар алқасы еліміздің ең тәжірибелі мамандарынан құралды. Бағдарламаны мәдениет және өнер қайраткерлері, еліміздің еңбек сіңірген әртістері, кәсіби хореографтар мен видеографтар бағалады.

Байқау жеңімпазы атанған жастар қаржылық сертификаттармен марапатталады: бірінші орын – 100 мың теңге, екінші орын – 70 мың теңге, үшінші орын – 50 мың теңге. Гран-при иегеріне 500 мың теңге табысталды.

Барлық жаңалықтар