00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада халықаралық Kaztraffic-2023 көрмесі басталды

15.11.2023 | 06:00
45
Фото: дереккөз

Көрмеде Қазақстан, Ресей, Германия, Түркия, АҚШ және Қытайды қоса алғанда, әртүрлі елдерден 100-ден астам қатысушы жол құрылысы, сонымен қатар қауіпсіздік және автомобиль жолдарын цифрландыру саласындағы заманауи ғылыми және техникалық әзірлемелерін көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараның ашылу салтанатында Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев сөз сөйлеп, аталған көрмені ұйымдастырудың негізгі мақсаттарына тоқталып өтті.

Автожол желісін дамыту және одан әрі жетілдіру күн тәртібіндегі басым міндет. Бүгінгі таңда еліміздің жол шаруашылығы алдында негізгі міндеттер айқындалды. Атап айтқанда, автожолдардың пайдалану жай-күйін қамтамасыз ету және олардың сапасын арттыру, заманауи жол инфрақұрылымын құру, жолдардағы қауіпсіздікті және автомобиль қозғалысын тиімді әрі пәрменді басқару, сондай-ақ оларды жазғы және қысқы күтіп-ұстаудың талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету. Бұл міндеттерді шешу үздік әлемдік тәжірибені, ұйымдастырушылық, басқарушылық және техникалық шешімдерді тартуды талап етеді, - деді Көлік министрінің орынбасары.

Көрме барысында Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Инновациялар мен инфрақұрылымның қиылысы: жол саласын дамыту формуласы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференцияда автомобиль жолдарының инновациялары, сапасы, қауіпсіздігі және дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралады. Конференция жұмысына ҚР ІІМ, PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығы, оқу орындары, Қазақстан, ҚХР, Моңғолия және Беларусь, АҚШ, РФ және басқа да елдердің ғылыми-зерттеу және жол ұйымдарының өкілдері қатысады.

Айта кетерлігі, ҚазжолҒЗИ көпірлер мен жол инфрақұрылымын басқарудың цифрлық жүйелері, жол материалдарының сапасын бақылау жүйелері сияқты IT-инновацияларды әзірлеуге және енгізуге белсенді қатысып келеді. Сонымен қатар институтқа автожол саласының нормативтік-құқықтық актілерінің «Infozhol» электрондық базасын өзектендіру бойынша жауапкершілік жүктеліп отыр. Базада 1,2 мыңнан астам құжат бар.

Көрме аясында жолшылардың Үкіметаралық кеңесі ТМД елдерінің көлік саласындағы интеграциясы тақырыбында 47-ші отырысты өткізеді.

Барлық жаңалықтар